09.06.2026
2026 жылғы 9 маусымда 11-сынып оқушылары орыс тілі пәнінен мемлекеттік емтихан тапсырды.
Емтихан белгіленген талаптарға сәйкес және ұйымдасқан түрде өтті. Түлектер өз білімдерін, жауапкершіліктерін және емтихан жұмысына деген байыпты көзқарастарын көрсетті.
Барлық он бірінші сынып оқушыларына алдағы емтихандарды сәтті тапсырып, өз күштеріне сенімді болып, жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектеспіз!